«Ұшқыр ой мен шешен тiл»
21.11.19 жылы Қызылту орта мектебiнде 5-10 сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тiл» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыс оқушылардың бiлiм, бiлiк дағдыларын байқау, шапшаң ойлау қабiлеттерiн дамыту және қазақ тiлiнде таза сөйлеуге үйрету мақсатында өткiзiлдi. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар белсендi қатысып, өздерiнiң бiлiм деңгейлерiнiң жақсы екенiн және мектеп оқушыларының ұйымшыл екендiгiн көрсете бiлдi. Сайыс соңында қатысқан топтар 1, 2, 3 орындармен марапатталды.
Дата публикации: 25.11.2019